Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Руханият

Сауапты шара

Ақкөл ауылдық округінде айлардың сұлтаны – оразада ауыз бекіткен жандарға ауызашар беру игі дәстүрлердің біріне айналды. Дәстүр бойынша биыл ауызашар 6 қыркүйек күні беріліп, оған ауылдық округ орталығы Ақкөлдегі, Жақсыат, Зеленая роща ауылындағы ораза ұстаған барша жамағат шақырылды. Бір қуаныштысы, биыл ораза ұстап, ауыз бекіткен мектеп оқушыларының да қатары көбейген.

Ауыл әкімі Қабдылқайыр Райымқұловтың ұйымдастыруымен өткен сауапты шараға ақкөлдік кәсіпкерлер Мақсұт Естаев, Дүйсенбек Оспанов, Мақсұт Мұқажановтар да атсалысты.

Оразада ауқаттылардың тұрмысы нашар, қамкөңіл жандарға қолұшын беруі де шарапатты іс. Оразада халық қалаулысы Дүйсенбек Оспановтың демеушілігімен ауылдағы қамқорлыққа мұқтаж төрт отбасыға отындық ағаш, шөп берілді. Ауыл әкімдігі аз қамтылған отбасыларға әк, цемент бөліп, жазда үйлерін ағымдық жөндеуден өткізуіне көмектесті.

А.АХМЕТ

Санат: Руханият | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 344 | Тегтер: Дәстүр, Ораза | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017