Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Руханият

Үш тілді білу – заман талабы

Сайыс

Үш тілді білу – заман талабы

16 қыркүйек күні «Қайнар» БЖШО-да мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен «Атамұра» мәдениет орталығының ұйымдастыруымен (қалалық білім беру бөлімінің қолдауымен) қалалық «Тіл дарын» олимпиадасы өтті.

Үш тілді жетік меңгерген жастарды қолдау мақсатында өткізілген бұл олимпиадаға 18 бен 30 жас аралығындағы 11 үміткер қатысты. Олар: Айдана Адаспаева (№18 кәсіптік лицей), Нұрғали Сүлеймен («АиК» ЖШС-і), Гүлмира Сильева (№25 қыздар гимназиясы), Салтанат Омарова (№17 орта мектеп), Армангүл Жақанова (Атығай мектебі), Жанна Сәбитова (№26 мектеп), Гүлжайнат Еркенова (№14 мектеп), Айгүл Әжібаева (№21 мектеп), Гүлмира Қайыржанова (Құдайкөл), Жанна Тоқашбаева (№18 мектеп), Динара Қасымова (№12 мектеп). Айта кетерлігі, Нұрғали мен Айданадан басқа сайыскерлердің бәрі ағылшын тілінің мұғалімдері екен.

Сайыстың алғашқы кезеңі – таныстыруда өздерін қара сөзбен де, өлеңмен де таныстырғандар табылып жатты. Бірақ №26 мектептің ағылшын тілі мұғалімі Жанна Сәбитованың өзін-өзі таныстыруы тартымды болды. Және осы тұста Жаннаның ұжымының ұйымшылдығы, шәкірттерін де шараға жұмылдыра білуі ерекше көрінді. Жанна «Сұлу қыз» әнінің ырғағымен өзінің мектептегі өмірін оқушыларымен қосыла сипаттап берді.

Келесі кезекте қатысушылар берілген тақырыпқа үш тілде эссе жазып, қазылар алқасына тапсырды. Одан соң олимпиада баспасөз мәслихаты түрінде өрбіді. «Мәслихатқа» жұп-жұп болып қатысқан сайыскерлер өздеріне бұйырған тақырыптарды талқыға салуы тиіс еді. Өзге үміткерлердің арасында екеуара диалог түрінде өрілген бұл кезеңді Жанна «Хабар» агенттігінің дикторы болып ойнап, түрлі баспасөз құралдарынан келген «журналистермен» бірге құлпыртып жіберді. Сайыс соңында үміткерлер ұсынылған мәтінге ілеспе аударма жасап, үш тілге қаншалықты жүйрік екендіктерін байқатты.

«Атамұра» мәдениет орталығының әдіскері Торғын Апақова, №22 гимназия-мектептің ағылшын тілі мұғалімі Әлия Жүсіпова, «Зерде» мектебінің ұстазы Дидар Жүсіпова, ЕКИТИ-дің орыс тілі пәнінің оқытушысы Гүлнәр Кәрімова, №2 орта мектептің қазақ тілі мұғалімі Мейрамгүл Дүйсебаева сынды майталман мамандардан құралған қазылар алқасының шешімімен «Тіл дарын» олимпиадасының 1-жүлдесіне Нұрғали Сүлейменов лайықты деп табылды. 2-орынды №25 қыздар гимназиясының мұғалімі Гүлмира Сильева, 3-орынды №26 орта мектептің мұғалімі Жанна Сәбитова жеңіп алды.

«Тіл дарын» олимпиадасы облыстық, республикалық деңгейде жалғасын таппақ.   

Ж.ЖАПАРОВА

Санат: Руханият | Қосқан: Отарка (23.09.2010)
Қаралды: 2249 | Тегтер: «мемлекеттік тілді қастерлеу- әркім | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017