Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Руханият

Тіл жанашыры

Біраз жылдан бері «Атамұра» мәдениет орталығында мемлекеттік тіл жөніндегі әдіскер маман. Екібастұз өңірі кәсіпорындары, мекемелер мен ұйымдарда мемлекеттік тіл курстарының жүргізілуін қадағалап, өңірдегі қазақ тілінің аясын кеңейтуге атсалысуда.

 

Сауалнама:

1.                  Отбасыңызда, еңбек ұжымында қай тілде сөйлесесіздер?

2.                  Екібастұзда мемлекеттік тілдің ахуалына қандай баға бересіздер?

 

Жауап:

1. «Отан отбасынан басталады». Сол сияқты ана тілінің қадірін де адам баласы туған ұясында бойына сіңіріп өсуі тиіс. Кішкене қызымның тілі ана тілінде шыққаны мен үшін маңызды болды. Орта да адамның тәрбиешісі ғой. Бүгінде балалардың теледидардан көретін мультфильмдері, компьютер – бәрі де ресми тілде жақсы дамыған. Қазақ балалары көбіне аулада ойнап жүріп орысша бейімделеді. Ата-ана осы мәселеге айрықша мән бергені дұрыс. Өзім баламның қазақша—орысша араластырып, шүлдірлей бастағанын байқағанда, теледидар бағдарламасына зер салып, ана тіліміздегі балаларға арналған бағдарламаларды, соңғы кезде аударылып берілетін мультфиьмдерді бірге көруді дағдыға айналдырдым. Балама орысша-қазақша араластырып сөйлеудің жөн еместігін үйретіп келемін. Мұнымды отбасымның мүшелері толық қолдайды.

Ұжымда да шұрайлы тілімізде қарым-қатынас жасаймыз. «Атамұра» орталығының басшысы болған Александр Верещак барлық іс-қағаздарының қазақ тілінде әзірленгенін талап ететін. Бәрі де басшының талап етуіне байланысты ғой. Сондықтан бәріміз туған тілімізде еркін сөйлесеміз.

2.                  Қызметтік міндеттерім осы мәселеге тікелей қатысты болғандықтан, мен маман ретінде қазіргі кезде қаламызда мемлекеттік тілдің қолдану аясы анағұрлым кеңейді деп айта аламын. Өткен жылдармен салыстырғанда, біршама ілгерілеушілік анық білінеді. Әсіресе мемлекеттік мекемелерде бұл іс жақсы жолға қойылған. Мемлекеттік тілдің медициналық мекемелерінде ақсап жатқаны аян. Дегенмен олар да кемшіліктерді түзетуге тырысып жатыр.

Мемлекеттік емес мекемелерде де қазақ тіліне деген көзқарастың жақсарғанын байқаймыз. Көптеген кәсіпорындарда қазақ тілі курстары жүргізіледі. Жұмысшылар, қызметкерлердің мемлекеттік тілге ден қойып, үйреніп жүргені қуантады. Бұған қарап, қаладағы мемлекеттік тілдің ахуалын өткен жылдармен салыстырып, жақсы деп бағалар едім.

 

Санат: Руханият | Қосқан: Отарка (23.09.2010)
Қаралды: 449 | Тегтер: Тіл. | Рейтинг: 1.3/3
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017