Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Руханият

Жанарсыз жанға жарық сепкен...

Керекудегі зағип және нашар көретін жандарға арналған облыстық кітапхана – қырық жылдық тарихты артқа тастап, әр сағатын жанарсыз жандардың көкірегіне жарық себуге тер төгіп келе жатқан ерекше мекеме. Бүгінгі таңда аталмыш кітапханада қызмет сапасы жетіліп, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық аясы кеңейе түскен.

Қазір кітапхананың мерейтойына орай облысымызда «Арнаулы кітапханалар – зағип жандар үшін әлеуметтік, ақпараттық, білім алу, оңалту әрі демалыс орталығы: негізгі қызметтері, әлеуметтік бғадарлары» атты республикалық семинар өтуде. Өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған семинар 29 шілде күні Екібастұзда жалғасын тапты.

Алматы қаласындағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған  республикалық кітапхана директоры Гүлбаршын Балғожинаның айтуынша, мемлекетімізде көзі нашар көретін азаматтарға арналған кітапханалар жүйесі бар. Арнайы техникамен жабдықталған осындай кітапханаларды жетілдіре түсу мақсатымен республикалық, халықаралық семинарлар өткізу дәстүрге айналған. Биыл республикалық кітапхана мамандары әдістемелік жұмыстарға ғана көңіл бөліп, ұйымдастыру жүгін Павлодар облыстық зағиптар мен көзі нашар көретіндер кітапханасы мойнына алған көрінеді. Семинардың мақсаты – зағип жандарды заманауи үрдістегі жаңа технологиялармен қамтамасыз етуге қол жеткізу, халықаралық семинарлар, республикалық конференцияларда көтерілген мәселелер мен жаңалықтарды талқылау. 

Жалпы, тағдырдың алдында шарасыз, үнемі көмекке зәру жандардың кәдесіне жарауды мақсат еткен облыстық кітапхананың жұмысы жайлы айтар болсақ, оның қорындағы әдеби кітаптар, естеліктер, фантастика және басқа да кітаптардың жалпы саны 70 мыңға жуық көрінеді. Соның ішінде 34 мың кітап көзі нашар көретіндерге арналған. Кітапхана қызметін бүгінде мүмкіндігі шектеулі 2570 азамат пайдаланса, Екібастұздағы филиалы 130-дан астам зағип жанға қызмет көрсетеді. Кітапхананың «Сыртқы абонементі» аймақтағы барлық елді мекендерге сұранысқа сай әдебиеттерді жөнелтеді. Мүгедектерді кітапхана қызметімен толық қамту мақсатында аудандық орталық кітапханалармен де келісімдер жасалып, дауыстап оқу үйірмелері мен түрлі клубтарды қамтыған арнайы кітапханалық пункттер ашылыпты. Мәселен, Екібастұз филиалында әр бейсенбі сайын дауыстап оқу үйірмесі жүргізіледі.

-Облыстық кітапханада зағип жандардың жағдайы жан-жақты ойластырылған. Кітапхана кіреберісінде оқырмандарды кезекші қызметкер қарсы алып, қызмет көрсету кафедрасына, каталогтық шкафтарға және кітап сөрелеріне жеткізеді. Оқырманға қажетті мәліметтерді кітапханашылар өздері тауып, дауыстап оқып береді. Дауыстап оқу және әр оқырманмен жеке жұмыс істеу үшін арнайы кабинкалар қарастырылған. Егер оқырман әлдебір себептермен кітапханаға келе алмаса, «Үйдегі абонемент» қызметін пайдалануға мүмкіндік бар. Біз кітапты телефон арқылы таңдауға көмектесіп, үйіне де жеткізіп береміз,- дейді облыстық зағип және көзі нашар көретін жандарға арналған кітапхананың ардагері Наталья Мазурина.

Жалпы, бұл салада қиындықтан қажымайтын-талмайтын, өзінің уақытын аямаған, өзгенің көңілін аялаған жігерлі жандар ғана қызмет ете алары сөзсіз. Тағдырдан қағажу көрген, бір тамшы сәулеге мұқтаж жандарға қызмет көрсету оңай шаруа болмаса да, кітапханашылар әрдайым адамдық биігінен көрініп, өз оқырмандарының алғыстарына бөленуде.

Жанаргүл ҚАДЫРОВА

 

Санат: Руханият | Қосқан: Отарка (06.08.2010)
Қаралды: 1007 | Тегтер: зағип жандар, Кереку | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017