Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Руханият

Жастардың орны олқы тұрды

9 қыркүйек – қасиетті жұма күні екібастұздық мұсылман қауым «Өнер» қалалық мәдениет орталығында Ораза айт мерекесіне орай ұйымдастырылған рухани кеште бас қосты.

Құран оқудан басталған тағлымды кеште жамағатты Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы құттықтап, бақ-береке тіледі.

Кеште алыстан арнайы шақырылған айтыскер ақындар Арман Бердалин, Қуаныш Шарманов, дәстүрлі әнші Аманкелді Қожанов, «Мұрагер» балалар пансионатының жасөспірім әншілері өнер көрсетіп, Алланың хақтығы, ислам дінінің құдіреті жайлы әндер мен термелердің тиегін ағытты. Жергілікті күйші Серік Сыздықовтың, «Жансері» дуэтінің, әнші-термеші Бәкір Әбдиевтің де өнері қазақтың рухын оятарлық өнегелі әуен-жырға толы болды.  

Жалпы, біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатқанымызбен, дінімізден бойымызды аулақ салудың жөні жоқ. Өйткені ислам дінінің басқа тәрбиелік бағыттарын былай қойғанда, отансүйгіштікті дәріптеп, тіліміз бен туған ел-жерімізді құрметтеуде үйретері көп. Мәселен, пайғамбарымыз бұл туралы (с.ғ.с.) «Отанды сүю – иманнан» десе, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың да: «Біздің еліміз түрік, дініміз – Ислам, кітабымыз – Құран. Олай болса, Исламды насихаттай беруіміз керек», «Саясат күнде өзгереді, ал дін мәңгілік»,- дегені бар. Рас, қазір ислам дінінің өзінде санамызға, ділімізге жат түрлі-түрлі ағымдар пайда болып жатыр. Алайда кері ықпалдан жерінтіп, дұрыс жолға шақыратын, ақ пен қараны айыруға мүмкіндік беретін осындай рухани шаралар емес пе? Осы тұрғыдан алғанда, «Өнер» қалалық мәдениет орталығының үлкен залында ақ жаулықты әжелер мен аталар ғана отырып, жасөспірім мектеп оқушыларының, жастардың болмағаны өкінішті-ақ. Басқасын айтпай-ақ қояйық, бірақ қазақ мектебінің мұғалімдері осы кешке оқушыларын ата-аналарымен қоса шақырса, қайтер еді? Кеште ұлтжандылыққа, адамгершілікке бастайтын тәрбиелік мәні мол ән мен термеден басқа артық-ауыс сөз де айтылған жоқ. Осындай кештер арқылы біз жастарды дәстүрлі діндердің тереңіне үңілте білсек, бұл оларды болашақта кері ықпалды секталардан сақтауға игі әсерін тигізері сөзсіз.

Ж. ӘБДІКӘРІМ

Санат: Руханият | Қосқан: Отарка (17.09.2010)
Қаралды: 404 | Тегтер: ислам, Иман, руханият, Дін, Отан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017