Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Спорт

15 тамыз – Спорт күні Жүйелі жұмыс жемісін беруде

Елімізде бұқаралық спортты дамытуға мән беріліп отыр. Өйткені, спорт тән саулығы мен сергектік сыйлайды. Осы орайда Екібастұз қаласының спорттық мекемелері өз жұмысында ҚР-ның «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңын, 2007-2011 жылдары Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын басшылыққа алып, жүзеге асыру үстінде. Биылғы жылдың өткен айлары ішінде спорт бөлімі БЖСМ-тері жаттықтырушылары, қала кәсіпорындарымен бірлесе отыра 165-тен аса бұқаралық спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру шаралары өткізіліп, оған әркелкі жастағы 15 мыңнан аса адам қатысты. Бұл шаралар спорттың көптеген түрін қамтыды. Аталмыш жарыстарға қатысуда «Богатырь Көмір», «Шығыс» кеніші, КЕГОК, Промсервис-Отан, МАЭС-1, МАЭС-2 стансалары, теміржол кәсіпорындарының өндірістік ұжымдары, Ю.В. Бердюгин, Ж. Саимов, А.М. Зотов, В.П. Крижановский, А.И. Кижеватов, С.А. Доспаев және т.б. спорт ардагерлері, студенттер мен оқушылар, мемлекеттік қызметшілер, В.Каплич, С. Чернобровкин, Т. Жомартов, Т. Смағұлов, Д. Малгаждарова, А. Мерғалиева және тағы басқалары белсенділік танытты.

Екі айдан бері спорттың олимпиадалық түрлері мен ұлттық спорт түрлерінен ХІІІ облыстық спартакиада өтуде. Осы спартакиадада тамаша табысқа жеткен спортшыларды атап өту ләзім. Мәселен, кіші футболдан құрама команда алтын медальді олжалады. Дәл осындай жетістікке жазғы президенттік көпсайыста да қол жеткізілді. Жалпы табысқа қазақша күрес палуандары да айтарлықтай үлес қосты. Дулат Құсайынов, Дәурен Мұқышев өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанса, Әділет Нұрпейісов абсолюттік чемпион атағын жеңіп алды.

Үстел теннисінен болған жарыста 12 аудан командалары арасында Екібастұз ауылдық аймағы командасы бірінші орынды иеленді.

Ал тоғызқұмалақ пен стритболдан әйелдер командасы аудандар арасында жүлделі үшінші орыннан көрінді. Бүгінгі күні жалпы командалық есепте қалалар арасында Екібастұз қаласы командасы екінші, аудандар арасында Екібастұз ауылдық аймағының құрама командасы жетінші орында келеді.

Бұқаралық спортты кеңінен насихаттау, салауатты өмір салтын орнықтыруда спорттық инфрақұрылымды дамытудың маңызы зор. Қала басшылығы бұл бағытта мақсатты жұмыс жүргізу үстінде. Биылғы жылы алғаш рет 6 муниципалдық округте балалардың спорттық-ойын алаңшаларын салуға қала қазынасынан 13,5 млн. теңге қаражат бөлінді. Ойын алаңшаларында кіші футбол, волейбол алаңдары жасалып, доп түсіретін шеңбер және тағы басқа спорттық жарақтар орнатылады. Сонымен бірге қазіргі уақытта мамандандырылған футбол мектебі базасында кіші футбол алаңына жасанды төсем төсеу қолға алынды. Осындай іс-шаралар үлкен-кішінің спортты серік етуіне жағдай туғызып, қаламызда мықты спортшылардың өсіп шығуына жол ашпақ. Жалпы, Екібастұз спортшыларының даңқы қазірдің өзінде алысқа кеткен. Біз Марат Жыланбаев, Татьяна Азарова, Арман Махамбетов, Александр Бойко, Антон Хорошев, Виктория Гречина, Дарья Горлеева, Анатолий Суворов, Виталий Самошкин, Зарина Сердалиева, Владимир Воменко, Рахман Гиноятов, Аскер Бабаев, Артем Поздняков және тағы басқа әйгілі спортшыларды мақтан тқтамыз. Өз тарапымыздан қала кәсіпорындары басшылары мен балалар спорттық мекемелері директорларына өзара түсіністік пен ынтымақтаса жұмыс істеп жүргендері үшін айрықша алғысымызды жеткіземіз. Кәсіби мереке қарсаңында спорттық мекемелер қызметкерлері мен спортшыларды Спорт күнімен құттықтап, жарыстарды жеңістен жеңіске жете берулеріне тілектестік  білдіреміз.

З. Нұркенова, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы

Санат: Спорт | Қосқан: Отарка (12.08.2010)
Қаралды: 783 | Тегтер: СПОРТ, Спартакиада, Промсервис-Отан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017