Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Спорт

Кубок иегері анықталды
Өткен сенбі күні «Шахтер» стадионында мемлекеттік қызметшілер арасындағы қалалық спартакиада мәресіне жетті. Аталмыш спорт додасына қатысқан 10 команда спорттың 6 түрінен күш сынасқан еді. Бұл жайында газет бетінде ақпарат беріліп тұрды. 19 тамыз күні №24 мектептің спорт залында волейболдан жарыс өткен-ді. Өте тартысты өткен жарыста тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары бөлімінің командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды қала әкімінің аппараты, ал үшінші орынды денешынықтыру және спорт, ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімдерінің біріккен командасы еншіледі. Енді кіші футболдан өткізілген жарысқа келер болсақ, мұнда қала әкімі аппаратының командасы топжарды. Екінші орынды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің командасы иеленді. Ал мемлекеттік қызметшілерден жасақталған құрама команда үшінші орынды місе тұтты. Ойындар аяқталған соң жеңімпаз және жүлдегер командаларға, жекелеген спортшыларға димломдар табыс етілді. Осыдан кейін спартакиаданың жалпы есептегі қорытындысы шығарылды. Жалпы командалық есепте спорттың алты түрінен де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, ұйымшылдық пен шеберлік танытқан қала әкімі аппаратының командасы жеңімпаз атанып, кубокты иеленді. Қала әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің командасы екінші, қаржы бөлімінің командасы үшінші орынға табан тіреді. Дәстүрлі спартакиада келесі жылы да жалғасын табады. Ал мемлекеттік қызметшілер спортпен тек жарыстарда ғана емес, үнемі шұғылдануды әдетке айналдырмақшы.

Ж. БҰЛАНБАЙ

Санат: Спорт | Қосқан: Отарка (26.08.2010)
Қаралды: 351 | Пікір: 1 | Тегтер: Кубок иегерлері, Салауатты өмір | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Отарка   (26.08.2010 18:42)
Құтты болсын!

Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017