Қош келдіңіз Гость | RSS



Тарих [3]Мәдениет [6]Руханият [18]
Әлеумет [21]Спорт [7]Тұлға [4]
Ауыл тынысы [5]Оқиға [6]Қоғам [16]
Елтану [2]Экология және табиғат [1]Білім мен ғылым [12]
Поэзия әлемінде [3]

Санақ

Басты » Мақала » Спорт

Ұмытылмас кездесу

«Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жастардың ІІ инновациялық білім беру лагерінің 3-ауысымын өткізді. Лагерь жұмысы Ақмола облысы Бурабай ауданының «Приозерный» деп аталатын бос уақытты қамту және денсаулық орталығында ұйымдастырылды.

12 шілде – 11 тамыз аралығын қамтыған үш ауысымда лагерь 400 адамды қамтыды. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуді басты мақсат етіп ұстанған, «Отаншыл» деп аталған үшінші ауысымға барғандар саны көп болды.

Павлодар облысы делегациясының құрамында «Нұр Отан» ХДП ЕФ «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Руслан Сейітқазин де болды.

-Лагерь жұмысы еліміздегі жастардың болашағына, аймақтардағы жастардың тыныс-тіршілігіне қатысты жайттарды анықтауға, олардың шығармашылық және әлеуметтік жобаларына қолдау көрсету мәселелерін талқылауға бағытталды,- дейді Руслан Сейітқазин.- Ұйымдастырушылар өткізген семинарлар мен тренингтерге ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Байланыс және ақпарат министрлігі, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиатары Ассоциациясының кеңесі өкілдерінің, Қазақстан мен Ресейдің жетекші саясаткерлерінің қатысуы бізге қатты әсер етті. Ауысымда сонымен қатар, кешкі концерттер, зиялы кештер, көңілді старттар, бір сөзбен айтқанда, қызықты әрі танымдық шаралар аз өткен жоқ. Мен еліміздің ең отансүйгіш, дарынды жастарымен қауышып қайтқанымды және бәріміздің «Жас Отан» қанатының астындағы бір топ екендігімізді мақтан тұтамын.

 

 

 

Жастар бильярдта бас қосты

«Нұр Отан» ХДП ЕФ «Жас Отан» жастар қанаты «Наурыз» бильярд клубымен бірлесіп қаржы институттары және мемлекеттік мекемелер қызметкерлері арасында бильярдтан қалалық турнир ұйымдастырды. Екі кезеңнен тұратын турнирдің негізгі ойыны 29 тамыз күні өтті. Тартысты өткен іріктеу ойынынан жартылай финалға өткен 4 бильярдшы 4 қыркүйекте жеңіс үшін тер төкті. Нәтижесінде 1-орынға А.Рамазанов (БТА Ипотека), 2-орынға С.Балғабаев (қалалық прокуратура) ие болды, ал 3-орынды Ғ.Ихсанғалиев (ЕҚІІБ) қанағат тұтты. «Жеңіске құлшынысы үшін» номинациясы Н.Айтмакушевке (әкім аппараты) тапсырылды.

-Бильярд ойынының адамдардың жас ерекшеліктерін таңдап-талғамай-ақ танымалдық сипат алып бара жатқаны көңіл қуантады,- дейді «Нұр Отан» ХДП ЕФ «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Руслан Сейітқазин.- Шақырылған адамдардың ешқайсысының бұл шарадан бейтарап қалмай, ұйымшылдық көрсеткендеріне ризашылығымды білдіремін. Жастар бұл ойында қажыр-қайраттарын танытып бақты. Мұндай шаралардың жастарды ауызбірлікке, табандылыққа тәрбиелейтініне сенімдімін.

«Халықтық банк» АҚ ЕФ директорының орынбасары Ернар Айтжанов: 

- «Халықтық банк» әрдайым спорттық шараларға демеушілік көмек көрсетуден тайған емес. Бүгін де «Жас Отан» ұйымдастырған қалалық турнирдің бел ортасында біздің команда ойнады. «Наурыз» бильярд клубының жыл сайын банкирлер арасында бильярдтан осындай турнироер өткізіп жүргенін тілге тиек етудің рорайы келіп тұр. Мәселен, былтырғы турнирде Халықтың банк командасы 1-орынды жеңіп алған. Бүгінгі шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарға жаңа жеңістер тілеймін!

Санат: Спорт | Қосқан: Отарка (09.09.2010)
Қаралды: 473 | Пікір: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Tushar   (06.12.2013 19:54)
God help me, I put aside a whole afoetnorn to figure this out.

Аты *:
Email:
Код *:

Павлодар облысы
әкімдігінің сайты

Екібастұз қалалық әкімдігінің сайты
  • Сарыарқа самалы



  • Екібастұз қ.

      © 2017